• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Тоқтарова: Қазақстанда қант диабетімен ауыратын адамдарды дәрі-дәрмекпен қамту өте жоғары дәрежеде

Н.Тоқтарова: Қазақстанда қант диабетімен ауыратын адамдарды дәрі-дәрмекпен қамту өте жоғары дәрежеде

23 Шілде, 2015 15:36
«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ эндокринологы Найля Тоқтарова Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында инсулин терапиясын алатын 1 және 2 типтегі қант диабетімен ауыратын барлық пациенттер адами инсулинмен, оған ұқсас дәрілер және жеткізу құралдарымен (шприц-қаламдар, инсулин шприцтері, инелер, шығын материалдары бар инсулиндік помпалар) қамтамасыз етілетіндігі туралы ОКҚ брифингінде хабарлады.

«Жастар арасында диабет ауруы туралы ақпарат тарату, диабетті асқындыратын қауіп-қатерлерді айқындау, дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру, Астана және Алматы қалалары тұрғындарының арасында  қант диабетін анықтау шараларын ұйымдастыру және өткізу. «Жобаға Астана мен Алматы қалаларындағы мемлекеттік мекемелердің барлық оқушылары мен студенттері қатысатын болады. Шара аталмыш қалалардың әкімдіктерінің, денсаулық сақтау және білім беру органдарының қолдауымен өтеді», - деді ол.

2013 жылы республикалық бюджетінің есебінен4 млрд. 626,6 млн. теңгеге, 2014 жылы 5 млрд. 699,3 млн. теңгеге инсулин сатып алынды, 2015 жылы 6 млрд. 969,6 млн. теңгеге сатып алу жоспарланып отыр. Жергілікті бюджет есебінен 2013 жылы 1 млрд. 303,5 млн. теңгеге, 2014 жылы 1 млрд. 563,4 млн. теңгеге сатып алынған болатын. Бұл ретте ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі еліміздің екі пилоттық өңірінде созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламасын енгізуде. Оның шеңберінде пациенттер қант диабетін басқару бойынша оқытылып жатыр.

 «Диабет, помпа мектептері, амбулаториялық-емханалық ұйымдар деңгейіндегі диабеттік табан кабинеттері ашылды. Барлық аймақтарда 1 және 2 типтегі, жүкті әйелдердегі, туу кезеңіндегі және босанғаннан кейінгі қант диабетін емдеу бойынша клиникалық хаттамалар енгізіліп, жетілдірілді. Сондай-ақ, аймақтарда диетотерапия, денеге түсетін ауырлық пен инсулин терапиясының техникасына үйретуге бағытталған 83 мектеп жұмыс істеуде», - деді ол.

Қант диабеті бойынша Ұлттық регистр мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 261453 пациент, оның ішінде  259253 ересектер, 566 жасөспірімдер, 1634 балалар есепте тұр.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар