Қант диабетімен ауратын балалардың өмір сүруі 3,5 жасқа ұзарды

23 Шілде, 2015 15:18
Помпалық терапия алатын қант диабетімен ауратын балалардың өмір сүруі 3,5 жасқа ұзарды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Диабет және балалар» тақырыбында өткен брифингте Астана қаласының штаттан тыс бас эндокринологы, инсулиндік помпалар бойынша ұлттық үйлестіруші Гүлмира Әбдуақасова хабарлады.

«Бүгінгі таңда 1 типтегіқант диабетімен ауыратын 1 мен 18 жас аралығындағы 1103 бала мен жасөспірім инсулин помпаларымен қамтамасыз етілгенін айтты. Пациенттер мен олардың ата-аналарын тамақтануды есептеу дағдыларына, инсулиндік помпаларды пайдалануды үйрететін және оларды орнататын 23 помпалық мектеп жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, помпалық терапияны дұрыс қолдану мониторингі де жүргізіліп отырады. Помпалық инсулин терапиясын алатын барлық балаларға тоқсандық гликирленген гемоглобин анықталады», - деді ол.

Помпалық терапияның нәтижесінде балаларда аурудың негізгі көрсеткіштерін бақылау(гликирленген гемоглобинді)1,1%-ға жақсарды.

«Шприцтік терапиямен салыстырғанда пациенттердің өмір сүру сапасының көрсеткіштері 100%-ға жоғарылады. Балалардың өмір сүруі 3,58 жасқа ұлғайды. Негізгі сырқатқа байланысты жоспарлық госпитализациялау, асқынулар бойынша шұғыл госпитализациялау жиілігі төмендеді. Помпалық терапиядағы балалар мектепте білім алуға, бала-бақшаға, спорттық секцияларға өз қатарластарымен бірге баруға мүмкіндік алды», деді Г.Әбдуақасова.

  Эндокринолог кабинеттерінде жұмыс істейтін 200-ден аса эндокринологтар мен 30 мейірбике помпалық терапия бойынша оқып, онымен жұмыс істеуге дайындықтан өтті.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар