- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан ӘТК жауынгерлік корабльдері теңіз биатлонына қатысуға жолға шықты (Фото)
Қазақстан ӘТК жауынгерлік корабльдері теңіз биатлонына қатысуға жолға шықты (Фото)
Жауынгерлік корабльдердің экипаждары кешке жолға шығады, 160 теңіз милясын еңсеріп, ертең Махачкала қаласының портында Каспийдің ресей жағалауларында болады.
«Қазір соңғы дайындықтарды аяқтаудамыз. Ауа райы жағдайы мен экипаждың жалпы дайындығы алдағы жүзуге оң дем беруде. Шынымды айтсам, біз байқаудан дәмеліміз. Оған ұзақ дайындалдық. Біз үшін ол тың дүние, іс жүзінде мүмкіндіктерімізді сынап, қосымша практикалық тәжірибе жинақтаймыз» - деді «Сарыарқа» кораблінің командирі капитан-лейтенант Рустам Жүнісов.
«Каспий теңізі – 2015» халықаралық байқауы каспий маңы елдері Әскери-теңіз күштерінің алғашқы сайысы. Ол 1 тамызда бастау алып, 15 тамызда аяқталады. Теңіз биатлонында елімізді «Орал» және «Сарырқа» отандық зымыран-артиллериялық корабльдерінің экипаждары, сондай-ақ теңіз жаяу әскерінің бригадасы ұсынатын болады. Теңіз биатлоны үш кезеңнен тұрады.
Біріншісі - «Каспийлік құнан жарысы». Мұнда теңіз жаяу әскері бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне берілген бағдарды барынша жылдам өту, теңізде және жағалауда нысаналарды сәтті жою қажет. «Каспий кубогы» атты екінші кезеңге төрт елдің суүсті корабльдерінің экипаждары қатысады. Олар берілген бағдар бойынша шеңберді айналады, шағын өлшемді теңіз және әуе нысаналарын, жүзбелі миналарды жою бойынша жауынгерлік жаттығуларды орындайды.
Кейіннен корабльді зәкір тұрағына көшіруді, зәкірге қоюды, өрнектеу жалауларын қолдана отырып, белгілерді қабылдау-таратуды жүзеге асырады. Содан кейін экипаждарға корабльдің «апатқа төзу» координаталары беріледі. Қатысушыларға оқиға орнына келу, жолаушыларды құтқару және бортқа көтеруді жүргізу қажет етіледі. Үшінші кезең - «Спорттық». Әскери қызметшілердің дене даярлығын айқындауға бағытталған. Теңіз жаяу әскері бөлімшелері мен суүсті корабльдері экипаждарының жеке құрамына 100 метрге еркін стильде жүзу, гір спортында сайысу, бөлімше құрамында 5 шақырымға жүгіру, арқан тарту секілді нормативтерді тапсыру қажет. Барлық үш кезең нәтижелері бойынша үздіктер медальдармен марапатталады, жеңімпаздар командалық сынақта бірінші орын кубогын алатын болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы