• Басты
  • Жаңалықтар
  • Табиғи байлықтарды қолдану саласында Қостанай облысы 22 жобаны жүзеге асыруда

Табиғи байлықтарды қолдану саласында Қостанай облысы 22 жобаны жүзеге асыруда

23 Шілде, 2015 17:58
Қостанай облысында табиғи байлықтарды қолдану саласында 22 жоба жүзеге асырылуда, олар 500 млрд теңгелік инвестицияның жоспарымен 34 кен орнын әзірлеу бойынша жүргізілуде, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, бұл салада келісімді орнатқаннан кейін барлаудың ұзақ кезеңі жүреді, содан кейін барып кен орнында өндіру басталады.

«Әрине, бұл тек қаржылық шығынды ғана емес, уақытты да қажет етеді», - деді аймақ басшысы Нұралы Сәдуақасов.

Дегенмен, осыған дейінгі жасалған жұмыс өз нәтижесін беруде, осы жылы Таран ауданында Елтай-4 кен орнында темір рудасын өндіру, Денисовка ауданында Комаров кен орнында мрамор өндіру сынды  жұмыстар жүргізілуде.

 

Барлық жаңалықтар