• Басты
  • Жаңалықтар
  • Биыл көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 100,6 млрд теңге бөлінді - ҚазАгро

Биыл көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 100,6 млрд теңге бөлінді - ҚазАгро

23 Шілде, 2015 20:09
Жалпы, көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі 100,6 млрд. теңге қаражат бағыттауды болжайды, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде егін жинау жұмыстары  қарқынды жүргізілуде. 2015 жылғы егін егу және жинау науқаны шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі» компаниясына аграрлық шараларды қаржыландыруға аймақтың  үш облысының шаруашылықтарынан 900 млн.теңгеден астам сомаға өтінімдер келіп түсті (ОҚО - 528,4 млн. теңгеге, Жамбыл обл. -  91 млн. теңгеге, Қызылорда облысынан - 283,1 млн. теңгеге)

Жылдың басынан бастап Оңтүстік-Қазақстан облысының аграрлық құрылымдары мен шаруашылықтарына  Холдингтің еншілес ұйымы «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша 165 бірлік түрлі ауылшаруашылық, топырақты өңдейтін және арнаулы техникалар жеткізілді.

 

Барлық жаңалықтар