- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық курсанттар АҚШ-тың Вест-Пойнт әскери академиясына жолданды (Фото)
Қазақстандық курсанттар АҚШ-тың Вест-Пойнт әскери академиясына жолданды (Фото)
Қазіргі кезде олар жоғары оқу орнында, академияның курсанттарымен бірге тұрып жатыр, олардың күнделікті тыныс-тіршілігі, оқыту бағдарламасы, дене және жауынгерлік даярлығымен етене танысуда. Мұндай сапарлар қорғаныс ведомстваларының ынтымақтастығы шеңберінде жыл сайын ұйымдастырылады және екіжақты сипатқа ие.
Осы жылдың маусымында Вест-Пойнттың тоғыз курсанты біздің Құрлық әскерлерінің Әскери институтында болып қайтты. Болашақ офицерлер үшін мұндай сапарлар үлкен тәжірибе болып саналады. Олар өзге елдерден келген қатарлас құрдастарымен танысады, болашақ әріптестерімен достық байланыс орнатады, әлемдік тәжірибені, әскери мамандарды оқыту және даярлаудың халықаралық бағдарламаларын зерделейді.
Таяу және алыс шетелдің әскери жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жасау әскери кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруде, Қазақстан Қарулы Күштерін құру мен сапалы дамытуда ерекше рөл атқарады. Бүгінде өздерінің өмірін әскери мансап және әскерде қызмст етумен байланыстыратын офицерлеріміз бен курсанттарымыз қазақстандық жоғары оқу орындарымен қатар Ресей, Беларусь, Украина, Үндістан, Түркия, Оңтүстік Корея, Қытай және Ұлыбританияның әскери оқу орындарында оқуға мүмкіндіктері бар. Қазіргі таңда 400-ден астам қазақстандық әскери қызметші шетелде білім алуда.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды