• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астана әкімдігі рұқсат беру қағаздарымен қоса салынып жатқан нысандардың тізімін ұсынды

Астана әкімдігі рұқсат беру қағаздарымен қоса салынып жатқан нысандардың тізімін ұсынды

23 Шілде, 2015 12:03
Астана әкімдігінің сайтынан кез-келген адам мекен-жайымен қоса елордада салынып жатқан нысандар туралы ақпаратты ала алады, деп хабарлады Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун пәтерді «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы» заңына қарамай, рұқсат етілмеген жолдар бойынша пайдалану мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында.

«Тұрғын үй құрылысының көлемін ескере отырып, әкімдік салынып жатқан нысандар бойынша тұрақты мониторинг жүргізуде. Бұл ретта қолда бар барлық құжаттар құрылыс жүріп жатқан жердің мекен-жайымен қоса және рұқсат ету қағаздарымен бірге сайтқа орналастырылады. Қаланың кез-келген тұрғыны өзіне қажетті ақпаратты Астана қаласы әкімдігінің сайтынан ала алады»,-деді С.Хорошун.

Оның сөзінше, тұрғын үй кешенінің құрылыс жүргізу үшін немесе өзге нысан салу берілетін құрылысшының негізгі үш құжаты болуы керек. 

«Тұрғын үй немесе өзге де нысанды салу үшін құрылысшыда оның жерге иелік  етуге құқығы бар екендігін растайтын жер телімінің иесі екендігі туралы құжат қажет. Бұл жеке иеліктегі жердің иесі немесе  жалға алғандығын растайтын құжат болуы мүмкін. Құрылыс жұмыстарын растайтын қаулы да қажет»,-деді ол.   

Аудан әкімінің орынбасарының сөзінше, аталған құжаттардың барлығы тұрғын үйді сатуға мүмкіндік бермейді. 

«Тұрғын үйді сату мүмкіндігі арнайы лицензия мен екінші деңгейлі банктен алынған нақты құрылыс нысанына қатысты желіс арқылы беріледі. Бұл құжаттар келісім жасалатын кезде талап етілуі керек,»-деді С.Хорошун.

Анар Тәңірқұлова   

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар