• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Жыл басынан бері ШҚО кәсіпорындары 470,6 млрд теңгенің өнімін өндірді

ИИДМБ: Жыл басынан бері ШҚО кәсіпорындары 470,6 млрд теңгенің өнімін өндірді

23 Шілде, 2015 14:49
ШҚО-да аймақтың бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші қорытындыланып, екінші жартыжылдықтың міндеттері айқындалды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

2015 жылдың қаңтар-маусым айында облыстың өндіріс орындары 470,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді.  

Жыл басынан қайта өңдеу өндірісінде  377,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.  Қайта өңдеу өндірісінің басты бөлігі металлургия мен машина жасау салаларына тиесілі.

Металлургиялық өнім көлемі 231,5 млрд. теңге, ал машина жасау саласы бойынша 59,1 млрд. теңгені құрап отыр.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 13,6 млрд теңгені құрайтын 13 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл тұрақты 1000 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.

Облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 100,9 мың.

 

 

Барлық жаңалықтар