Астанада шетелдіктердің елде болу мерзімі қысқартылды

23 Шілде, 2015 15:04
Астана қалалық Ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы тарапынан заңсыз көші-қон мен шетелдіктердің елде болуын қадағалау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Заңсыз көшіп-қонушылар мен көші-қон саласындағы заңды бұзушылар, уақытында құзырлы органдарда тіркелмеген азаматтарды анықтау мақсатында ішкі істер органдары тарапынан қала маңында мақсатты шаралар атқарылуда.

Биылғы жылдың 6 айында елімізде болу талаптарын бұзған 5 мыңнан астам азаматтар жауапқа тартылды. Сот шешімімен елден 1 мың 293 азамат аластатылды. 968 азаматтың елде болу мерзімі қысқартылды. Шетелдік жұмыс күшін пайдалануға қатысты заң талаптарын бұзған 46 жұмыс берушіге қатысты іс қаралды.

Жедел-сауықтыру шараларының барысында елімізде рұқсатсыз жүрген Өзбекстанның екі азаматы анықталып, Т. атты азаматша әкімшілік жауапқа тартылды. Көші-қон заңнамаларын қасақана, мақсатты түрде бұзғаны үшін биылғы жыл басынан бері 71 қылмыстық іс қозғалды. Биылғы жылдың 6 айында ТМД азаматтарына елміздегі жеке тұлғаларда жұмыс істеулері үшін 591 рұқсат қағазы беріліп, 591 азаматтың елде болу мерзімі ұзартылды. Нәтижесінде еңбек мигранттары тарапынан 42 млн-нан астам теңге мемлекетке төлінген.    

    

Барлық жаңалықтар