- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да ауылдық жерлерде бизнесті жетілдіру үшін тиімді құралдар енгізіледі
ҚР-да ауылдық жерлерде бизнесті жетілдіру үшін тиімді құралдар енгізіледі
ҚР-да Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауылдық жерлерде бизнесті жетілдіру мақсатында тиімді құралдар енгізіледі, деп мәлімдеді Аймақтық даму вице-министрі Серік Жұманғарин ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінің брифингісінде.
«Қазіргі таңда ауылдық жерлерде қолданылып жатқан ең тиімді құралдарды енгізу жоспарланып отыр. Бірінші кезекте бұл гранттар, кепілдендіру құралдары, микронесиелендіру құралдары», - деді С.Жұманғарин.
Мемлекет басшысы еліміздің кей аймақтарында гранттар секілді қажетті құралдар жеткілікті дәрежеде орындалмай жатқанын айтты.
Вице-министрдің сөзінше, аталмыш құрал тек 2012 жылы ғана енгізілген. Алайда қазірдің өзінде өте кеңінен қолданылуда. Өйткені оған өте аз мөлшерде алғашқы төлем жұмсалады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құжаттарын қарастыру барынша жеңілдетілген. Әр кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп алып кету үшін 3 млрд теңгеге дейін қаржы ала алады.
Айта кету керек, бүгінде 137 бастауыш кәсіпкерге 408 млн теңге көлемінде грант берілген. Әсіресе, Мемлекет басшысы атап көрсеткен облыстардағы кәсіпкерлерге берілген.
«Біз дереу арада мәселені шешу жолдарына кірістік. Мемлекет басшысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы барлық жерлерде жұмыс істемейді, көбінесе аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде іске асуда», - деді С.Жұманғарин.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары