- Басты
- Өскеменде бильярдтан ерлер арасында ашық Азия чемпионаты басталды
Өскеменде бильярдтан ерлер арасында ашық Азия чемпионаты басталды

Шараның ашылу салтанатында ШҚО әкімі Даниал Ахметов қатысушыларға сәттілік тіледі.
« Мұндай дүбірлі сайыстың басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Жарыстың әділетті, қызықты және табысты болуына тілектеспін. Бильярд көпшілікке танымал және татулыққа шақыратын спорт түрі. Жалпы, спорт – ел жетістігінің белгісі, бейбітшіліктің кілті», – деді Д. Ахметов.
Чемпионатқа 9 елдің әлемдік дәрежедегі 9 спорт шеберлері қатысып отыр. Ал сайыста халықаралық дәрежедегі төреші Юрий Черванев жетекшілік етеді.
Жарысқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт ісі жөніндегі комитеті, ҚР Бильярд спортының федерациясы және ШҚО әкімдігі қолдау көрсетіп отыр.
Чемпионат олимпиадалық жүйе бойынша өтіп, 26 шілдеде финалдық ойында жеңімпаз анықталады.
Сайыстың жеңімпазына 1 674 000 теңге көлемінде жүлде қоры тағайындалған. Екінші және үшінші орын иеленгендер сәйкесінше 930 000 және 558 000 теңгеге ие болмақ.
-
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
-
Қазыбек Иса: Латын әліпбиі орыстілді және қазақтілді жастар арасындағы алшақтықты жояды
-
Мессенджерлердегі зейнеткерлік жасты төмендету туралы ақпарат жалған
-
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді
-
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны басталды
-
ҚР-дағы вакцинация: Отандық және ресейлік вакциналардың жанама әсерлері мен сақтану шаралары
-
Мемлекеттік емес ұйым саналатын мекемелерге ресми сайтта ақпаратты ашық жариялау міндеттеледі
-
Коронавирусқа қарсы вакцинаны кім ала алады, жанама әсерлері қандай
-
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
-
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ
-
ҚХА мүшелерінің дауыс беруі басталды
-
Партия лидерлері сайлау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
-
Елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау басталды
-
Балалар арасында мүгедектік азайту жолдары қаралды

