- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО курсанттары таулы орманды жерлерде іздестіру жұмыстарын үйренуде (Фото)
ШҚО курсанттары таулы орманды жерлерде іздестіру жұмыстарын үйренуде (Фото)
Глубокое ауданының ең көрікті аймағы – Сержиха ауылы жиындарды өткізу орны болып себепсіз таңдалған жоқ, яғни бұл жердің өзендері, таулары, ормандары құтқарушыларға қажетті және күрделі элементтерді пысықтау үшін көмектесті.
Өскемен, Риддер, Зырян, Семей қалаларының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінен 11 адам жергілікті жерде бағдарлану, зардап шегушіні әр түрлі тәсілдермен тасымалдау, таулы өзендер арқылы өткелдер ұйымдастыру, таулардағы жүріс-тұрыс негіздері бойынша бір айлық теориялық дайындықтан кейін сынақ тапсырды.
Барлық курсанттар «Слияние» шыңына – Сержиха және Таулы Үлбі екі таулы өзендерінің қосылысында орналасқан ауданның ең биік нүктесіне шығуды орындады. Бағыт күрделі болған жоқ, бірақ қажетті дағдыларды қолдануды және ерекше назар аударуды талап етті.
Кәсіби құтқарушылар барлық белгіленген мақсаттың дұрыс орындалуын және қауіпсіздігін қадағалап отырды.
Бұл жиындарға адамдармен қатар Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметіндегі жас иттер «курсанттар» ретінде қатысты. Олар тыңдау қабілетіне, таулы өзен арқылы өтуге және ең бастысы орманда жоғалған адамдарды іздеуді үйренді. Кинологтар өздерінің асырандыларының нәтижесіне риза болды.
Аптаның соңында білімдері расталып, барлық курсанттар сынақтан өтті.
-
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек -
Мессенджерлердегі зейнеткерлік жасты төмендету туралы ақпарат жалған -
ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы -
«Birgemiz» қорынан 70 мыңнан астам отбасы атаулы көмек алды -
Абай175: Ұлы ақын туғaн өңiр туристік нысанға айналды -
Абай күні: Абай саябағы мен Құнанбай музейі қашан пайдалануға беріледі/ Музейге қандай жәдігерлер қойылады -
ДДСҰ: Вирустың таралуы бақылауға алынған жерлерде мeктептер ашылуы мүмкiн -
Ақтаулық әуесқой палеонтолог ежелгі ірі рептилияның қалдықтарын тапты -
2020 жылдың 6 айында ел жолдарындағы құрылыс жұмыстарының шамамен 30% орындалды -
Шөкеев Түркістан облысында пандемиямен күрес жұмыстарын күшейтуді тапсырды -
Н.Ноғаев: Геологиялық барлау жұмыстарына құйылған инвестия көлемі 158,4 млрд теңгені құрады -
А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
-
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)