- Басты
- Жаңалықтар
- Десант биатлонына қатысушылары парашютті жинауда ерекше рекорд орнатты
Десант биатлонына қатысушылары парашютті жинауда ерекше рекорд орнатты
32363 әскери бөлімінің командасы взвод құрамында норматив бойынша бір сағатта орындалатын парашютті толық жинауды 35 минут ішінде жүзеге асырды. Осылайша жауынгерлер қарсыластар алдында жоғары нәтижеге қол жеткізіп ғана қоймай, өздерінің кәсіби біліктіліктерін көрсетіп, Аэроұтқыр әскерлерінің рекордшылары атанды.
Айта кетейік, бүгін десанттық биатлонның негізгі сайыс күні. Әскерлерді көрсетілген ауданға десант түсіру, шартты радиациялық зақымданған, химиялық ластанған аймақ арқылы жаяу шеру, соңынан қарудан оқу бойынша жауынгерлік тапсырманы орындау күтіп тұрды. «Қатысушылардың жақсы теориялық базасы мен практикалық тәжірибесі байқалып тұр. Барлық жауынгерлер барын салып, топтар іс жүзінде бір-бірімен тең дәрежеде келеді.Жеңімпазды анықтау оңайға соқпайтыны анық», - деп жарысқа тәуелсіз бақылаушылар ретінде шақырылған Үндістан ҚК әскери қызметшілері атап өтті.
Десанттық биатлонның 60 қатысушысы үшін бұл ең мықтылар мен шыдамдылар атағы үшін жарыс қана емес, нағыз кәсіби және шынайы парашютік-десанттық бөлімшенің жауынгерлік әзірлігін (десанттық шабуылдық) көрсету. Естеріңізге сала кетсек, десант биатлоны 32363 әскери бөлімінде ағымдағы жылдың 20-25 шілдесі аралығында өтуде.
Бұл жарыс Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің ауқымында алғаш рет өткізіліп отыр. Алдыңғы сайыстың екі кезеңінде қатысушылар парашюттерді төсеу бойынша бағдарлау және әскери топография (күндізгі уақытта көздеу арқылы қимыл), әскери-медициналық даярлық бойынша нормативтерді тапсырып, АК-74 автоматынан ату және әуе-десанттық кешенінен алдын-ала секіруді орындады, АРД кедергі жолағын меңгерді. Алдағы уақытта оларды түнгі рейд және күрделі тау шатқалдарымен шеру жасау күтуде.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
Ұлағатты ұстаз, білікті ғалым және ерекше тұлға -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
«Тәуелсiздiк ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
«Спутник V» VS «QazVac»: Вакциналарды өндiру ерекшелiктерi мен тәсiлдерi -
Жаңа экологиялық кодекстің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Мереке қарсаңында елордадағы кафе мен мейрамханалардың жұмысы ерекше бақылауда болмақ -
IX Азаматтық форумның ерекшеліктері