- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Ұлылармен сұхбат» атты көрме ашылды (ВИДЕО)
Астанада «Ұлылармен сұхбат» атты көрме ашылды (ВИДЕО)
«Көрменің ерекшелігі ол аталмыш жобаның аясында жүзеге асырылып отырған екінші шара. Оның ең басты мақсаты – ресейлік суретшілердің жоғары көркем және кәсіби деңгейлерін көрсету болып табылады. Бұл шара өте маңызды өйткені оған бейнелеу өнері бойынша білім алып жүрген қазақстандық суретшілер мен студенттер қатысады. Біздің мақсатымыз қалың көпшілікке жоғары өнер дегеннің не екенін көрсету»,-деді ҚР Ұлттық музейінің Қазіргі заманғы өнер мұражайының жетекшісі Роза Әбенова Strategy2050.kz ақпарт агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында.
Көрмеде 70-80 жылдардағы айтулы қылқалам шеберлерінің 90 картинасы қойылған. Олардың арасында «Parallel Worlds» шығармашылық тобы болып туындыларын ұсынған Мәскеу мен Санкт-Петербургтің бейнелеу өнері мектептерінің өнерпаздары да бар.
«Көрменің тағы бір ерекшелігі бір бір топтың атынан өнерлерін ұсынып келген петербургтік өнерпаздардың қатарында 9 мәскеулік шеберлерде бар. Суретшілердің әрқайсысы мәдениет саласының майталмандары болып табылады. Олардың әрқайсысы өзінің философиясын ұсынды. Бұл өте маңызды»,-деді ол.
«Ұлылармен диалог» атты көрме өзіндік шығармашылық зияткерлік ойын, оның негізінде шығармашылық реминисценциялар жатыр. Реминисценция дегеніңіз ескі авторлардың әйгілі туындыларына деген сілтеме. Бұл жаңа технологияларды пайдалану арқылы жасалатын жаңа интерпретация»,-деді өнертанушы.
Айта кететін мәселе, шара «Петербургтің еркін суретшілері» атты әлеуметтік-баспа жобасының бастамасы бойынша ұйымдастырылған. Оның жетекшісі ресейлік бизнесмен және меценат Юрий Саулиди. Жобаның басты мақсаттарының бірі – 70-80 жылдардағы ресейлік суретшілердің мұраларын сақтап қалу және шығармашылықты Ресей мен өзге де мемлекеттерде насихаттау.
Көрме 27-тамызға дейін жалғасады.
Анар Тәңірқұлова
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды