• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісмендер Алматы әлеуметтік нысандарының құрылысына жұмсалған Ұлттық қордың қаржысын қадағалады

Мәжілісмендер Алматы әлеуметтік нысандарының құрылысына жұмсалған Ұлттық қордың қаржысын қадағалады

22 Шілде, 2015 17:43
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Г.Иксанова мен Г.Исимбаева «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасы бойынша Алматы қаласында іс сапарда жүр, деп хабарлады Мәжіліс.

Олар ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуды жүзеге асыру және әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын дамыту бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынын бөлінген қаржының үлестірілуі мен мақсатты пайдаланылуына назар аударуда.

Халық қалаулылары Алматы қаласы құрылыс, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармалары басшыларымен бірге Түрксіб ауданындағы «Жас Қанат» тұрғын үй кешені, Алатау ауданындағы «Саялы» тұрғын үй кешені мен ТМ-4А, ТМ-7, ТМ-13 жылу магистральдарының және №26, №157 орта мектепке жалғастырыла салынған құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, нысандардың талапқа сай болуын бақылау үшін комиссиялы түрде аралау жұмысын жүргізді.

Барлық жаңалықтар