• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында несиелендіру шарттары мен шаруашылықтарды іріктеу түсіндірілді

Ақмола облысында несиелендіру шарттары мен шаруашылықтарды іріктеу түсіндірілді

23 Шілде, 2015 09:36
Сандықтау ауданында несиелендіру шарттары мен шаруашылықтарды іріктеуді түсіндіру жұмыстары бойынша семинар өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».

Айта кетейік, кездесуге қаржы институттарының өкілдері мен ауылдық округ әкімдері, ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілері, шаруа қожалықтарының басшылары шақырылды.  

«ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалының өкілдері, Аграрлы несие корпорациясы, «ҚазАгроМаркетинг» ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры кездесуге қатысушыларды сүт-тауарлы фермаларды құру жобалары бойынша, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы жобаларын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, мал шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағадарламасы аясында жобаларды несиелендіру, инвестициялық жобаларды субсидиялау туралы айтып берді.   

 

Барлық жаңалықтар