- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Даму мақсатындағы ынтымақтастықтың шектелмелібағдарламасына қол қойылды
Астанада Даму мақсатындағы ынтымақтастықтың шектелмелібағдарламасына қол қойылды
Құжатқа Халықаралық еңбек ұйымы, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы ЮНЭЙДС, ЮНКТАД, БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ қоғамдық ақпарат департаменті, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, ЮНЕП, ЭСКАТО, ЮНЕСКО, ЮНФПА, БҰҰ БЖКБ, ЮНИСЕФ, ЮНИДО, БҰҰ апат қауіп-қатерін азайту бюросы, БҰҰ Есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасы, ЮНОПС, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін первентивті дипломатия бойынша аймақтық орталығы, БҰҰ Еріктілері, БҰҰ Әйелдер, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы секілді БҰҰ жүйесіндегі 21 ұйымның өкілі қоса қол қойды.
Шектелмелі бағдарламасына қолдың қойылуы Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін және еліміздегі алдағы 5 жылда БҰҰ қызметінің негізгі бағыттарын белгілеу мақсатында ҚР және Ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Даму мақсатындағы ынтымақтастықтың шектелмелібағдарламасы «Қазақстан–2050» стратегиясында», ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған бес институционалдық реформада, «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты және 2015 жылдан кейінгі Тұрақты даму мақсаттарында айқындалған бағыттарды негізге алады. Атап айтқанда, бағдарламаның 3 маңызды бағыты бар: теңсіздіктерді қысқарту және адам дамуын жетілдіру, мемлекеттік институттардың инновациялау қабілетін арттыру және нығайту, халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты күшейту.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары