ЮНИСЕФ Қазақстанда өзіне-өзі қол салуды оңалтуға мүдделі

22 Шілде, 2015 16:24
ЮНИСЕФ Денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігінің қолдауымен балалар мен жастар арасындағы өзіне-өзі қол салу жағдайларының себеп-салдарын кешенді талдау жұмыстарын жүргізді, деді БҰҰ-ның даму қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

«Оңалтудың тиімді  жүйесін қалыптастыру үшін балалар мен жастардың негізгі тәуекелдерін бағалау мен талдау маңызды. Сондықтан да ЮНИСЕФ Денсаулық сақтау және  әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп, балалр мен жастар арасындағы өзіне-өзі қол салу жағдайларының себептері мен салдарларына кешенді талдау жүргізді және оған осы саладағы әлемдік сарапшылар қатыстырылды»,-деді Ю.Оксамитный. 

Оның сөзінше, ЮНИСЕФ-тің зертеулері бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, биліктің жергілікті және орталық органдары сияқты салалар бойынша түрлі деңгейлерде енгізу үшін бірқатар кеңестер әзірленді.  

«Аталған кеңестер өзін-өзі қол салу жағдайларының алдын алу бағдарламаларының кешенді, сектораралық бағдарламасына енгізілді және ол Үкімет тарапынан мақұлданып, ЮНИСЕФ-тің сарапшылары тарапынан қолдау тапты. Қазіргі таңда Қызылорда облысының әкімдігімен және психотерпия және наркология орталығымен аталған бағдарламаны іске қосу басталды. Жыл соңына дейін ол Қазақстанның өзге де өңірлері үшін қолжетімді болады»,-деді Ю.Оксамитный.    

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар