- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе қаласында жекешелендіру аясында 5,9 млрд теңгенің 2659 мүлкі жария етілді
Ақтөбе қаласында жекешелендіру аясында 5,9 млрд теңгенің 2659 мүлкі жария етілді
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сай 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ақтөбе қаласында құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген мүлік объектілерін жария ету мүлікті жария ету процедурасы жүргізілуде.
Ақтөбе қаласы әкімінің шешімімен бекітілген мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия өз жұмысын жалғастыруда.
Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органдардың, салық органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның, өртке қарсы қызмет органдарының, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау, қоршаған ортаны қорғау органдарының және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері кіргізілді.
Комиссия құжаттарды қабылдау және қарау жөніндегі жұмысын жүргізуде.Құжаттарды қабылдау күнсайын дүйсенбі мен жұма аралығында Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50 (қалалық әкімдік ғимараты), 1 қабат, №1 кабинетте, сағат 9.00 ден 17.00 ге дейін жүргізуде.
Қала әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету комиссиясының хатшысы Айгүл Баймашованың 2015 жылдың 20 шілдесіндегі ақпаратына сәйкес комиссияға 2659 арыз келіп түсті, оның ішінде саябақша үйлерін, жеке тұрғын үйлерді, қосымша құрылыстарды жария ету бойынша.
Келіп түскен арыздардың ішінде, 830 арыз қайтарылды, 1316 арыз бойынша объектілер комиссияда қаралып, жария етілді, ал 3 арыз бойынша жария етуден бас тартылды, 35 арыз қаралуда. 5,9 млрд теңгеге 2659 мүлік жария етілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады