• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шағын кәсіпкерлікті жан-жақты ойластыра отырып, белсенді дамыту керек – Қостанай облысының әкімі

Шағын кәсіпкерлікті жан-жақты ойластыра отырып, белсенді дамыту керек – Қостанай облысының әкімі

22 Шілде, 2015 16:39
Қостанай облысында шағын және орта бизнесті дамыту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала мен бюджетті қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі

Хабарламадан мәлім болғанындай, биылғы жылдан бастап, әлемдік нарықтағы бағалардың құлдырауына орай,  тау-кен өнімдеріне деген сұраныс та төмендеді. Өз кезегінде ол экспорттаушы-кәсіпорындардың тауарларының көлемін азайтты. «ССГПО» акционерлік қоғамының өнімдерінің өсімі 2014 жылдың деңгейімен салыстырғанда 57,6 пайыз болды, «Варваринское»-65,4 пайыз болды, ал «Қостанай минералдары» АҚ – 91,2 пайызға құлдырады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, өнеркәсіптің барлық салаларының нақты көлем индексі 92,9 пайызды құрады.   

Инвестициялар және даму министрлігімен және ERG-мен бірге өнім көлемі ең көп құлдыраған «ССГПО» АҚ-мын қолдаудың кешенді шаралары дайындалды. Облыс басшылығы қалалар мен аудандардың әлеуеттерін, олардың инвестициялық тартымдылығын арттырып, барлық мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануды көздеп отыр.

Индустрияландыру картасының екінші жартыжылдығына 14 жоба кірді, ондағы инвестициялар көлемі 320 млрд теңгені құрайды, сондай-ақ 3 мың жұмыс орны ашылады. Картадан тыс быилы тек ауыл шаруашылығы бойынша 40-тан астам нысандарды іске қосу көзделіп отыр. Мемлекеттік салаллық бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. «Бизнестің жол картасы - 2020» аясында облыста 1,5 млрд теңгенің трансферті бөлінген. Жыл басынан бері несиенің пайыздық ставкаларын субсидиялау мен ішінара кепілдендіру бойынша құны 4,3 млрд теңге болатын  70 жоба жүзеге асырылған.        

«Қазба өнеркәсіп саласы өнімдері көлемінің төмендеуі жағдайында ауыл шаруашылығы саласын дамыту керек. Шағын және орта бизнес пен өнерксіпті қосы алғанда тап осы сала экономика өсімінің одан әрі дамуын қамтамасыз етуге қауқарлы»,-деді облыс басшысы Нұралы Сәдуақасов.  

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар