Ақмола облысы аумағында «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

22 Шілде, 2015 17:12
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінен бастап Ақмола облысында «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Борышкер» жедел алдын алу шарасының бір күнінде тәртіп сақшылары әкімшілік айыппұл салынған  1237 азаматты мекен-жайы бойынша тексерді.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарға 24 ұйғарым жіберілді. Облыс бюджетіне айыппұлдың 6 млн. теңгеден астамы өндірілді.  Айыппұл тұрағына 12 көлік қойылды.Аталған шара жалғасып жатыр.

 

Барлық жаңалықтар