• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбеде «ҚазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы ашылды

Ақтөбеде «ҚазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы ашылды

23 Шілде, 2015 09:21
«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарды «ЭКСПО 2017» қарсаңында жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе обысының әділет департаменті мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік ұйымдармен әрекеттеседі, деп хабарлады Әділет министрлігі.

Осындай қызметтің оң нәтижелерінің бірі Ақтобеде “ҚазРоботикс” Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника Федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ашылуы. Федерацияның мақсаты болашақтың қазақстандық инженерлердің жас буынды дайындау, білім беру және спорттық робототехниканы насихаттау, көпшілікке жетізу арқылы ғылыми-техникалық бағытты дамыту.

Осы шараға байланысты Ақтөбе облысының әділет департаменті зияткерлік меншік саласын ұгіттеу мақсатында құлтемірлердің презентациясын өткізді. Көрме алдында әділет департаменті, роботехника федерациясы, кәсіпкерлер, республикалық және облыстық БАҚ өкілдер қатысуымен брифинг өткізілді.

Елбасының Жолдауында Ақтөбе облысы ерекше атап өтілген: «Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар – Астана мен Алматы, одан соң – Шымкент пен Ақтөбе болады. Олар халықтың және инвестициялардың шоғырлану орталықтарына айналады, сапалы білім беру, медицина, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетеді». Сондықтан осы саланы белсенді түрде дамыту қажет.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар