• Басты
  • Жаңалықтар
  • TECHNATION бағдарламасына қатысуға ТМД, Еуропа мен Азияның стартап-топтарынан 300-ден астам өтінім түсті

TECHNATION бағдарламасына қатысуға ТМД, Еуропа мен Азияның стартап-топтарынан 300-ден астам өтінім түсті

22 Шілде, 2015 19:34
ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің стартап-топтары үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі бірлесіп ұйымдастырған «TECHNATION» жедел даму бағдарламасына өтінімдерді қабылдау аяқталды, деп хабарлады ИДМ.

Сараптама комиссиясының қарауына барлығы 345 жоба келіп түсті, оның ішінде басым бағыттар бойынша жобалардың біразы ұялы технологияларды әзірлеуге қатысты 142 (41%) өтінім келіп түсті. Электрондық коммерция бағыты бойынша - 114 (33%), медиа-технологиялар бағыты бойынша -  59 (17%), бұлтты есептеулер бағыты бойынша - 30 (9%) өтінім.

Инновациялардың түрлері бойынша өтінімдердің басым бөлігі өнімдік және үрдістік инновацияларды жасаушылардан келіп түсті. Сондай-ақ, өтінім берушілер маркетингтік инновациялар және ұйымдастырушылық/басқарушылық процестерді жақсартуға бағытталған жобаларды ұсынды.

Елдер бөлінісіне назар аударатын болсақ, өтінімдердің басым бөлігі Қазақстаннан 262 жоба  (76%) келіп түсті, Украиналық стартап топтардан -  46 жоба (13%), сондай- ақ Ресей Федерациясының стартап топтары өз белсенділігін көрсетті, олар бағдарламаға 14 (4%) жоба ұсынды.

Өтінім берушілердің арасында Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларус, Словения, Абхазия, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Испания, Оңтүстік Корея, Тайланд пен ҚХР - нан стартап топтар бар.

Бір апта бойы  «TECHNATION» жедел даму бағдарламасының сарапшылары мен тәлімгерлері бизнес-жоспар әзірлеу және инвесторлар мен кәсіпкерлерге жобаны таныстыру, тиімді нетворкинг жүргізу бойынша тәжірибелік шараларға қатысатын 80 үздік топты іріктейді.

Халықаралық Сараптау комиссиясы стартаптарды қалыптастыру мен коммерциялық жобалардың инвестициялық тартымдылығын талдау бойынша шеберлік сабақтардан одан әрі өту үшін 40 үздік топты анықтайды. Іріктелген топтар сонымен бірге интерактивті воркшоптарға қатысатын кейін

Іріктеудің соңғы кезеңінде халықаралық сараптау комиссиясы АҚШ-тағы Кремний алқабында жедел даму бағдарламасына қатысатын 7 топты анықтайды.

«TECHNATION» жедел даму бағдарламасының халықаралық сараптау комитетінің құрамында  қазақстандық және шетелдік өкілдер жобаларды бағалайтын болады. Олардың ішінде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Санжар Ізтілеуов, «ИТП» Автономдық кластерлік қордың Бас директоры, Segment Interactive технологиялық инкубтордың негізін қалаушы Санжар Кеттебеков, Қазақстандық бизнесмен және қоғам қайраткері Кайрат Мажибаев, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқармасының төрағасы Бикеш Құрманғалиева, 500 Startups бизнес- инкубатордың вечурлық серіктесі Марвин Лиао, MOHR DAVIDOW VENTURES- те басқарушы директор  Джим Смит, Happy Farm бизнес инкубаторының негізін қалаушы, әрі инвестор Анна Дегтерева, сериялық кәсіпкер мен TMT Investment  венчурлық қордың инвесторы Игорь Шойфот,  Eurasian Resources Group- тегі операциялық қызмет директоры  Кен Пейн және басқалары бар.

 

 

 

Барлық жаңалықтар