- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Соттары жыл басынан бері 13 мыңға жуық қылмыстық істі қарады
ҚР Соттары жыл басынан бері 13 мыңға жуық қылмыстық істі қарады
Оның сөзінше, Жоғарғы сот тарапынан қабылданған шаралар мен тұрақты мониторинг жұмыстары олардың қызметтерінде жаңа заңнама бойынша қандай да бір проблемалардың орын алуының алдын ала отырып, соттардың қызметтеріне жағымды әсер етті. Бұны статистикалық мәліметтер де растайды.
«Осылайша, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында соттар 12 мың 777 қылмыстық істі қарап, олар бойынша үкім шығарған, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 18 пайызға көп. Қаралған істердің арасында 641 үкім немесе үкімдердің 5 пайызы жаңа қылмыстық-процессуалдық заңнамаларды қолдану арқылы шығарылған. Қылмыстық әрекеттері үшін 3 мың 943 адам жауапқа тартылған. Осылайша, есепті кезеңде, соттар тарапынан сотталған азаматтарды шартты-шұғыл түрде жауапкершіліктен босату туралы 7 мың 350 материал, жауапкершілігін жұмсарту туралы 4 мың 313 материал, заңның қайтарым күшін пайдалану туралы бапты қолдана отырып, сот актілерін қылмыстық кодекстің нормаларына келтіру жөніндегі 17 мыңнан астам материал қаралған»,-деді А.Рахметулин.
Қадағалаушы сот алқасының төрағасы сонымен қатар сотталғандардың саны 1,8 пайызға артқанымен, 2014 жылдың бірнші жартыжылдығымен салыстырғанда ақталып шыққандар саны 30,5 пайызға көбейгендігін атап өтті.
«Егер бұрындары 2014 жылдың соңында Қазақстан тарихында алғаш рет түрме халқы 48 мыңға азайды деп айтылғанымен, жаңартылған қылмыстық заңнама мен соттардың дұрыс тәжірибесі негізінде бас бостандығынан айырылған азаматтардың үлес салмағы 11,3 пайызға кеміді. Бүгінде бас бостандығынан айыру жауапкершілігі 26,2 пайызды құрайды, бұрындары бұл көрсеткіш 37,7 пайыз болған»,-деді Жоғарғы сот өкілі.
Оның сөзінше, аталған көрсеткіштер сөз жоқ Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша орнына әсер етеді.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді