- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев ҚР Ұлттық музейінде «Мәңгілік Ел» триптихының тұсаукесеріне қатысты (ФОТО)
Б.Сапарбаев ҚР Ұлттық музейінде «Мәңгілік Ел» триптихының тұсаукесеріне қатысты (ФОТО)
Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және Суретшілер одағының мүшелері мен өнерсүйер қауым қатысты.
Бірнеше жылдарға созылған жобаға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қылқалам шебері Ерболат Төлепбай жетекшілік етті. Шығармашылық ұжымның құрамына бірқатар отандық суретшілер енді.
«Мәңгілік Ел» триптихының бірінші бөлімі Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек хандардың бейнелерін негізге алған. Тарихи сюжетке құрылған туынды күрделі һәм көп бейнелі композициясының ауқымдылығымен, шығармашылық шеберлігімен, әрі шығармашылық ойдың тереңдігі, кеңдігімен ерекшеленеді.
Суреттер сериясының екінші бөлімі «Жеті жарғы» — қазақтың дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағына арналған. Тәуке хан мен қазақтың әйгілі билері басты бейнелер ретінде орындалған күрделі композициялық туындыда көптеген кейіпкерлердің әрекеті біріктірілген. Тарихи сюжеттің мазмұны сол дәуірге тән этнографиялық, архитектуралық элементтер арқылы ашылған.
Триптихтың композициялық және көркемдік түйіні - тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті.
Ұлт көшбасшысының бейнесі Қазақ мемлекеттігінің ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы даму тарихымен бірге қарастырылады. Туындының орталық тұсында ХХ және ХХІ ғасырларды түйістірген тарихи шекара аясындағы кеңестікке қадам басқан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бейнесі. Шығарманың басты мақсаты — елді дағдарыс пен күйзелістен сақтай отырып, халықты өз төңірегіне біріктіріп, соңынан ілестіре алған Елбасы болмыс-бітімін сомдау.
Туынды авторлары Тұңғыш Президенттің көркем бейнесін оның жеке қасиеттері арқылы емес, бірінші кезекте тұлғаның әлемдік деңгейдегі тарихи масштабын көрсету негізінде ашуға тырысқан. Кескіндемелік туындының ашық және қанық түстері біздің заманымыздың қажырлы да қайратты қарқынын білдіреді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды