- Басты
- Жаңалықтар
- 400-ден астам қазақстандық ҚР ҚМ Кадет корпусына түсуді қалайды (Фото)
400-ден астам қазақстандық ҚР ҚМ Кадет корпусына түсуді қалайды (Фото)
Олардың 283-і БҰТ тапсырып, 153-і кешенді тестілеуге дайындық үстінде. Ағымдағы жылдың 26 шілдесіне дейін 30 немесе одан жоғары балл жинаған үміткерлер іріктеудің келесі кезеңдерінен өту үшін Кадет корпусына жіберілді.
«Бастапқыда кәсіби-психологиялық іріктеу, нормативті дене даярлығынан өту, содан кейін медициналық куәландыру, жас жауынгердің курсы және соңғы кәсіби-психологиялық іріктеуден өткен сарбаздар оқу орнына қабылданады», - делінген хабарламада.
Әр кезеңнен өтуге бір мүмкіндік беріледі. Ш.Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы – кіші командалық құрамдағы білікті әскери кадрларды даярлайтын оқу орны. Кадеттерді оқыту бағдарламасы екі жылдан тұрады. Бірінші курста әскери істің негіздерін және мамандық бойынша пәндерді зерделейді, ал екінші курста – әскери тәжірибе жинақтауға кіріседі.
Оқуды бітіргеннен кейін кадеттіктерге «Әскери басқару» мамандығы бойынша «Әскери басқарудың кіші маманы» (менеджер)» біліктілігімен қоса 3-сыныпты жаяу әскерлер әскери көлігінің механик-жүргізушісі және «В» және «С» санаттары бойынша автокөлік жүргізушісі куәлігі беріледі. Бүгінгі күнге дейін оқу орны Қазақстанның Қарулы Күштеріне 2 200-ден астам маман даярлап шығарды. Қазіргі таңда түлектер түрлі бөлімдер мен бөлімшелерде Қарулы Күштердің бас сержантынан бастап бөлімше командирлеріне дейінгі лауазымдарда әскери қызметін сәтті атқарып келеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады