- Басты
- Жаңалықтар
- «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан 150-ден астам әскери қызметші түнгі далалық атысқа кірісті (Фото)
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан 150-ден астам әскери қызметші түнгі далалық атысқа кірісті (Фото)
Күннің ыстығына қарамастан 1- ші мотоатқыштар батальонының жеке құрамы, оның ішінде үш мотоатқыштар ротасы, минаатқыш батареясы және атуды қолдау ротасы әскери бөлімнен 45 км жерде орналасқан «Изенді» оқу-жаттығу полигонына барып, аталған ауданға қажетті әскери техникаларды жөнелтті. Жауынгерлер далалық жағдайда бір апта уақытын өткізеді.
Түнгі уақытта олар АК-74 және Драгунов мерген винтовкасынан атуды орындады. Күндіз тактикалық-саптық жаттығулар мен әскери көліктерді жүргізуге кірісті. Осылайша, жеке құрам өзінің жауынгерлік даярлығын нығайтып, күндізгі және түнгі уақыттағы далалық жағдайда жауынгерлік тапсырмаларды орындауға бейімделеді.
«Осындай далалық жаттығулар бөлімшелер командирлері үшін ерекше тәжірибелік сабақ болып табылады. Олар жеке құраммен ұрыс іс-қимылына келтірілген жағдайларда жұмыс істеп үйренеді; жауынгерлер үшін бағыт-бағдар беретін, үлгі саналатын командирдің күрделі тапсырмаларының қыр-сырын үйренеді. Кез-келген операцияның сәтті аяқталуы командирдің іс-қимылының дұрыстығына байланысты», - деп «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы атап өтті.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты