• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР бірыңғай сот тәжірибесін жүзеге асыру сот кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді-Е.Әбдіқадыров

ҚР бірыңғай сот тәжірибесін жүзеге асыру сот кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді-Е.Әбдіқадыров

22 Шілде, 2015 12:07
Қазақстанда бірыңғай сот тәжірибесін жүзеге асыру сот кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, деді Жоғарғы соттың Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров Жоғарғы сотта еліміздің соттарының 2015 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген мәжілісі барысында.

«Қадағалау алқасы бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру оны жетілдіру бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл өте маңызды, өйткені оны жүзеге асыру сот кемшіліктерін жоюға және оларды болашақта болдырмауға мүмкіндік береді, сотта істерді қарау кезінде заңды құқықтарды қалпына келтіріп, мүдделерді қорғайды»,-деді Е.Әбдіқадыров.    

Оның сөзінше, заңсыз сот актілерін шығарудың басты себептерінің бірі сот өкілдері тарапынан материалдық және процессуалдық нормаларды дұрыс түсіндірмеу, өңірлерде бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру жұмыстарының талапқа сай болмауынан болып табылады.

«Бұл ретте  құқық қорғау тәжірибесіне өзге емес, осы сотардың жауап беретіндігін ескеру керек. Құқық нормлараны тәжірибе жүзінде қолдану арқылы соттар адам тағдырын шешеді, азаматтар мен қоғам өкілдерінің мемлекеттік институттарға деген қатынастары  тікелей болмаса жанама түрде мемлекеттік қаржы-экономикалық жағдайына, қоғамның әлеуметтік жағдайына және өзге де қатынас салаларына әсер етеді»,-деді ол.  

Сот өкілі сонымен қатар бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында қадағалау алқасы тарапынан 2015 жылдің бірінші жартысында жалпыландыру бағытында бірқатаржұмыстардың атқарылғандығын айтып өтті. Соның ішінде Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексті жаңа редакцияда қолданылуы, салық, авторлық, тұрғын үй заңнамалары, сонымен қатар банкроттықты реттеу мен моральдық шығынды қалпына келтіруді реттейтін заңнамалар бойынша да.  

«Жалыпландыру жұмыстарының нәтижесінде баспана мен авторлық құқықты жекешелендіру бағытында нормативті қаулыларға өзгерістер енгізілді.  Банкроттық пен моральдық зиянды қалпына келтіру бойынша нормативті қаулылар дайындалу үстінде»,-деді Е.Әбдіқадыров.   

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар