• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысы жолшылары жүргізушілерге жол тәртібі ережелерін еске салды

Ақмола облысы жолшылары жүргізушілерге жол тәртібі ережелерін еске салды

22 Шілде, 2015 12:54
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалы Ақмола облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, алдын-алу шарасын өткізді. Іс-шара республикалық маңызға ие жолдардағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан орындарда қауіпсіз қозғалысты насихаттауға бағытталған, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ.

Автомобиль жолдарын жөндеумен айналысып жатқан ұжым қызметкерлерімен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан орындарда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шаралар қолданылса да (шектеу және ескерту белгілері, баннерлер), көптеген жүргізушілер оларды елемейді.

Акция барысында, әкімшілік-жол полиция қызметкерлері жылдамдық қозғалысын шектеу белгісін елемеген жүргізушілерді тоқтатты. Бұдан кейін, «ҚазАвтоЖол» өкілдері жол қозғалысы ережелерін бұзуға болмайтындығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жол қызметкерлері жүргізушілерге жол жүру ережелерін сақтауға және көлікте мұқият болуға шақырып, буклеттер таратты.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған осындай-іс-шараларды еліміздің барлық өңірлерінде өткізіп жатқанын айта кеткен абзал. Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – жылдамдықты дұрыс таңдамаудың салдарынан,  қайғылы оқиғаларға әкеп соғатынын жүргізушілерге ескерту болып табылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр жүргізуші өзінің алаңғасарлығы немесе ережені елемеуі салдарынан ең қайғылы оқиғаларға дұшар болып жатады дейді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар