• Басты
  • ҚР МСМ заңнамалық базаны Ұлт жоспары аясындағы салалар негізінде айтарлықтай нығайтпақ

ҚР МСМ заңнамалық базаны Ұлт жоспары аясындағы салалар негізінде айтарлықтай нығайтпақ

22 Шілде, 2015 11:18
Мәдениет және спорт саласындағы институционалды реформаларды жүзеге асыру аясында осы саланың заңнамалық базасын айтарлықтай нығайту көзделіп отыр, деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Мәдениет және спорт саласындағы институционалды реформаларды жүзеге асыру аясында осы саланың заңнамалық базасын айтарлықтай нығайту жоспарлануда. Ол үшін барқатар заң жобалары дайындалды, атап айқтанда, мәдениет туралы, археологиялық мұра туралы, туристік қызмет туралы заң жаңа редакцияда, қайырымдылық туралы заңдары дайындалды. Бұған қоса, мәдени саясат тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, дене шынықтыру мен спорт тұжырымдамасын дамыту, мерекелердің ұлттық күнтізбесін жасау тұжырымдамасы, ҚХА тұжырымдамасы, сәйкестік пен бірлікты нығайту тұжырымдамасы, Тілдерді дамыту мен олардың қызметі туралы мемлекеттік бағдарлама сияқты салалық тұжырымдамалар мен бағдарламалық құжаттар қажет»,-деді А:Мұхамедиұлы. 

Сонымен қатар, министр елдің тарихи-мәдени мұрасының дамуына тың серпін беретін, мәдени дамудың ұлттық жобасы - «Мәңгілік ел» бағдарламасы туралы айтып берді. Бұрын қолданылып келген «Мәдени мұра» бағдарламасына қарағанда, жаңа жоба кең ауқымды міндеттерге негізделген және ол қазақстандық мәдени мұраны бүкіләлемдік құндылық ретінде ықпалдастыруды қарастырады. Яғни, «Мәңгілік мұра» Қазақстанның өнері мен жетістіктерін шет мемлекеттерге насихаттауға бағытталған»,-деді А.Мұхамедиұлы.   

Естеріңізге сала кетейік, «Мәдени мұра»  мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Нрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған.

2003 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдаған Жолдауында Қазақстанның бай мұрасын зерттеу мен мемлекеттік тілде гуманитарлық білім берудің толыққанды қорын жасауға, ұлтық әдебиет пен жазбалардың көпғасырлық байланысын біріктіруге бағытталған бүтіндей жүйені қалыптастыратын арнайы бағдарлама дайындауды тапсырған болатын.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар