• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанайлық кәсіпкерлер шетелдік компаниялармен іскерлік қарым-қатынас орнатуда

Қостанайлық кәсіпкерлер шетелдік компаниялармен іскерлік қарым-қатынас орнатуда

22 Шілде, 2015 15:53
Қостанай облысында 38 кәсіпкер «Іскерлік қатынас» жобасы бойынша білім алды, деп хабарлады «Даму» қорының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл жобаны «Бизнестің жол картасы-2020» аясында  «Даму» қоры жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуетін көтеру, шетелдік компаниялармен ынтымақтастығын арттыра түсуге септігін тигізу.

Біліктілікті арттыру бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен 10 күн ішінде кәсіпкерлер шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің қатысуымен тренингтерге қатысты. Одан кейінгі бес күн ішінде кәсіпкерлер сол жерде өздерінің жобаларына қатысты пікірлерді тәжірибелі дәріскерлерден тыңдауға ие болды. Үшінші жұманың аяқталуында кәсіпкерлер өз жобаларын сәтті қорғап шықты.

Біліктілікті арттырудан 38 кәсіпкер өтті. Олар бір айға Германияға тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Ол үшін өз жобаларын комиссия алдында сәтті аяқтауы керек.

 

Барлық жаңалықтар