• Басты
  • Жаңалықтар
  • Лос-Анджелесте өтетін Бүкіләлемдік арнайы Олимпиада ойындарында 68 қазақстандық спортшы өнер көрсетеді

Лос-Анджелесте өтетін Бүкіләлемдік арнайы Олимпиада ойындарында 68 қазақстандық спортшы өнер көрсетеді

22 Шілде, 2015 11:04
Қазақстан құрамасы 68 спортшысымен және 20 бапкерімен Бүкіләлемдік арнайы Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрі бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлады Қазақстандық баспасөз клубы.

Хабарламадан мәлім болғанындай, спорт түрлері жеңіл және ауыр атлетика, гольф, теннис, стол теннисі, бадминтон, боулинг, ат спорты, ролик конькилері, бочче,  суда жүзу, волейбол, баскетбол, дзюдо, гимнастика болып бөлінеді.  

«Қазақстанның интернаттар мен арнайы мектептерінің және отбасылардың 20 мыңнан астам балалары 24 қысқы спорт ойындарынан жыл бойына өтетін жаттығуларға тартылған және олар облыстық және республикалық жарыстарға қатысып тұрады. Қазақстан құрамалары Еуропалық арнайы Олимпиада ойындарына 2 жыл сайын бір рет және Бүкіләлемдік арнайы Олимпиада ойындарына 1991 жылдан бері қатысуда»,-деп хабарлайды «Special Olympics» Бас директоры Ольга Бахарева.  

Айта кететін мәселе, «Special Olympics» қызмет еткелі Қазақстанда 630 қазақстандық мүмкіндігі шектеулі арнайы спортшылар 12 рет Бүкіләлемдік арнайы спорт ойындарына қатысқан. Олар 198 алтын, 180 күміс және 132 қола медаль жеңіп алды.     

«Қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбектері сонда, мұндай байрақты бәсекелерге қатыса отырып  және жүлделі орындары мен жеңістері арқылы Қазақстанның беделін арттырады»,-дейді О.Бахарева.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламалар министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 100 мыңнан астам интеллектуалдық қабілеттері бұзылған жастар мен балалар тұрады.  

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Бүкіләлемдік арнайы Олимпиада ойындары 21-шілде мен 5 тамыз аралығында Лос Анжелесте өтеді. Әлемнің 177 мемлекетінен 7 мыңға жуық спортшы 25 спорт түрінен 9 күн бойына бәсекеге түседі. Оларға 3 мың бапкер мен 30 мың еріктілер қолдау көрсетеді.   

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар