ШҚО-да 2016 жылы жоспарлы түрде жөнделетін автокөлік жолдары талқыланды

22 Шілде, 2015 15:06
Аймақ басшысы 2016 жылы жоспарлы түрде жөнделетін автокөлік жолдары бойынша жиын өткізді. Облыс әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік маңызы бар автожолдар маңыздылығы бойынша ретпен жөнделу қажеттілігін атап өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Арнайы өткен алқалы жиында келесі жылы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың жөнделуі бойынша ұсыныстар енгізілді. Аймақ басшысы бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар жолдарды ескере отырып, жөндеу жоспарын аяқтауды тапсырды.

Даниал Ахметов маңызды жолдардың қатарында Осин өткелінен Бұқтырмаға дейінгі Өскемен – Зырян автожолын жөндеу керектігін атап өтті. Сонымен қатар Өскемен – Зырян автожолындағы Серебрянск қаласына дейінгі жолдың қаншалықты маңызды екенін зерттеу қажеттілін тапсырды. 

Барлық жаңалықтар