- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен ШҚО-да жүр
Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен ШҚО-да жүр
Мәжіліс депутаттары Семейде болып, Полковниичий аралында орналасқан ядролық сынақтардан зардап шеккендерге арналған «Өлімнен де мықты» атты монументті көрді. Аралдың құрылысымен танысқан депутаттар бұрынғы понтон көпірі атанып кеткен ауданда болып, жергілікті атқарушы орган өкілдеріне жағалаудың су шайып кеткендігін айтып, оған қатысты тиісті шаралар қолдану қажеттігін ескертті.
Одан әрі халық қалаулылары Семей қаласындағы жаңа құрылған Қарағайлы шағын ауданының жоспарыпен егжей-тегжейлі танысып шықты және Назарбаев зяткерлік мектебі нысанының құрылысын көрді.
Жоба басшысының орынбасары Айдар Жанбаевтың айтуынша, нысанның құрылысы 60-65 пайызға біткен, құрылыс белгіленген мерзімге сай жүріп жатыр, құрылысқа қажетті материалдар жергілікті өнім өндірушілерден алынуда.
Жұмыс сапары әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесуге ұласты. Семей қаласының ең ежелгі оқу орындарының бірі саналатын Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің акт залында педагогтар, қаланың әлеуметтік және денсаулық сақтау нысандарының өкілдері жиналды. С.Ферхо жиынға қатысушыларды зейнетақылық төлемдер мен әлеуметтік қорғау саласындағы өзгерістер туралы айтып берді.
Бұдан әрі депутаттар «Нұр Отан» партиясының Семей қаласындағы филиалында болып, түрлі мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады. Тұрғындарды толғандырған мәселелерді тиімді шешу үшін қоғамдық қабылдау шарасына мемлекеттік органдар мен қала әкімдігінің бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Депутаттарға түрлі мәселелері бойынша Семей қаласының 12 тұрғыны қайырылды. Қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігін әлеуметтік құқықтардың орындалуы, азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заң талаптары толғандырып отыр. Семейліктерді сонымен қатар, онда орналасқан сынақ полигоны кезінде зардап шеккендердің тағдыры мен аз қамтылған отбасылардың жағдайы алаңдатады.
Осы көтерілген мәселелер бойынша депутаттар нақты жауаптар беріп, олардың кебіреулері бойынша құзырлы орган өкілдеріне тиісті шара қолдану туралы тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ жергілікті биілктің азаматтардың өтініш, шағымдарын мұқият қарап, мәселенің оңды шешілуіне ұйытқы болуы қажеттігін ескертті.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары