- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК министрі Т.Валовая ҚХР-мен ынтымақтастық мәселелерін сөз етті
ЕЭК министрі Т.Валовая ҚХР-мен ынтымақтастық мәселелерін сөз етті
21 Шілде, 2015 18:59
Еуразиялық экономикалық комиссияның Ықпалдастық пен макроэкономиканың негізгі бағыттары бойынша алқасының мүшесі Татьяна Валовая Бейжіңде Қытай Халық Республикасының атқарушы билік органдары мен сарапшылық қоғамдастығының өкілдерімен жүздесті, кездесу барысында Қытай Халық Республикасымен одан әрі ынтымақтастық мәселесі сөз болды, деп хабарлайды комиссияның баспасөз қызметі.
Сапар барысында ЕЭК-ның министрі Қытайдың халықаралық проблемалар академиясының сарапшылар қоғамдастығының өкілдерімен, Мемлекеттік реформаларды дамыту комитетінің төрағасы Хэ Лифэнмен, сондай-ақ Сыртқы істер минстрінің орынбасары Чэн Гопинмен кездесті.
Кездесу барысында Т.Валовая еуразиялық ықпалдастық пен Еуразиялық экономикалық одақтың құрылу тарихы туралы айтып берді. Әріптестерін ЕАЭО-тың институционалдық құрылымы мен келісілген, немесе үйлестірілген саясат қолданылатын салалардың тізімі қызықтырды.
ҚХР өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізіп отырған ынтымақтастықтың маңызды екендігін атап өтті және ҚХР өкілдерінің де Еуразиялық экономикалық одақпен диалогты нығайтуға бейіл екендіктерін білдірді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді