Қазпошта мекен-жай мәліметтерінің ашық API ұсынады

22 Шілде, 2015 08:36
«Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының қолданыстағы мекен-жай мәліметтерінің пайдалану мүмкіндігін, сонымен қатар ашық API арқылы «Қазпошта» енгізген жаңа пошта индекстерінің мәліметтері базасын ұсынатындығын жариялайды.

«Индекстеудің жаңа жүйесін пайдалану Қазақстан Республикасының барлық мекенжайлық мәліметтерін стандарттауға мүмкіндік береді. Осылайша, ашық мекенжайлық мәліметтер API барлық қызығушылық танытқан жеке және заңды тұлғаларға, жедел қызметтерге, почта индекстерін қоса алғанда, мекенжайлық мәліметтер базасын қолдануға мүмкіндік береді. Ақпараттарды онлайн режимінде қолдануға немесе барынша толық көлемде көшіріп те алуға болады. Жаңа пошталық индекстерді қоса алғанда, Алматы қаласы бойынша жеке өзінің базасының 40 пайызын белсендендіріп алған «2gis.kz» порталы бізбен ынтымақтастықты жұмыс істеуде»,-деп хабарлайды «Қазпошта» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің хатшысы  Байрам Азизов.      

Естеріңізге сала кетейік, аталған қызмет жаңа пошталық индекс бойынша префиксті жазып алып, түрлі дәпежелерге бөледі және бұл ретте іздестіру жүйесін іске қосуға болады. Іздестіру жүйесінде облыс, немесе өңір, тек қана қала, белгілі бір аудан немесе аудан болады.  

Болашақта осы тізімге жаңартылған мекен-жайлар бойынша ақпараттар алуға болатын қызмет түрі қосылады.  

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар