• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Энергетика министрлігі Парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша ұлттық міндеттемелер жобасын әзірлейді

ҚР Энергетика министрлігі Парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша ұлттық міндеттемелер жобасын әзірлейді

21 Шілде, 2015 18:43
Астанада парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша (INDС) ұлттық міндеттемелер жобасы талқыланды, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Жасыл Академия» Ғылыми білім беру орталығымен бірлесіп, Климаттың өзгеруін ұстап тұру жөніндегі USAID қазақстандық бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылған.

Қазіргі уақытта  Энергетика министрлігінің жұмыс тобы  БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конференциясына 2020 жылдан кейінгі жаңа климаттық келісімге сәйкес Шығарындыларды азайту бойынша ұлттық болжамды әзірлеу үстінде. Осыған байланысты  жиналыста  энергетика, ТКМК және көлік секторында 2030 жылға дейін парниктік газдар шығарындыларының болжамы талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар 2016–2020 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарының жобасын талқылады.

 

Барлық жаңалықтар