- Басты
- Жаңалықтар
- Қапшағайда десанттық биатлоннан ауқымды жарыс басталды (Фото)
Қапшағайда десанттық биатлоннан ауқымды жарыс басталды (Фото)
« «Аэроұтқыр әскерлеріне стратегиялық тұрғыда маңызды тапсырма жүктелген. Аталған әскер тектерінің әскери қызметшілері жауынгерлік тапсырмаларды орындауға ұдайы әзірлікте болуы тиіс. Бұл жарыс сіздердің дене даярлықтарыңыз бен жауынгерлік әзірліктеріңізді тексеретін болады»,- делінген хабарламада.
Барлықтарыңызға сәттілік серік болғай!», - деп ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов қатысушыларға тілегін білдірді. Салтанатты рәсімнен кейін бірден қатысушылар бірінші байқау кезеңдеріне кірісті. Олар уақытқа десанттық парашюттерді төсеу, бағдарлау және әскери топография (күндізгі уақытта азимуттар арқылы қозғалу), әскери-медициналық дайындық бойынша нормативтер тапсырды.
Содан кейін АК-74-тен оқ атуды, «Атлетизм. Табандылық. Алғырлық» танымал кедергі жолағын бұзып өтуді және әуе-десанттық кешеннің снарядтарында секіру алдындағы дайындықты орындады. Ертең сайыс белсенді фазаға көшеді. Жауынгерлер кәсіби жауынгерлік тапсырманы алды, яғни көрсетілген ауданға десанттау, радиациялық, химиялық ластанулармен шартты зақымдалған аймақты еңсере отырып, жаяу марш жасау, жауынгерлік оқ атуларды орындау.
Қатысушылар үшін ең күрделі сынақтардың бірі таулы учаскені бұза отырып, кесіп өтілген жер бойынша түнгі рейд жасау және жүгіру болады. Сайыс барысын бақылап отырған Үндістан Қарулы Күштерінің өкілдері төрешілерге Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің үздік әскери қызметшілерін анықтау оңайға соқпайтынын атап өтіп, әскери қызметшілеріміздің дайындық деңгейін жоғары бағалады. Барлық үміткерлер мықты және жеңіске жетуге лайықты.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Astana Hub: Invest Day-ге өтінім қабылдау басталды -
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды -
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны басталды