- Басты
- Жаңалықтар
- Қаржы министрлігі мүлікті заңдастыруды жеңілдетуге арналған заң жобасын дайындады
Қаржы министрлігі мүлікті заңдастыруды жеңілдетуге арналған заң жобасын дайындады
«Мемлекет басшысының мүлікті заңдастыру шарасын жеңілдету жөніндегі тапсырмасы бойынша және құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалауды болдырмау мақсатында арнайы заң жобасы дайындалды»,-деді А.Теңгебаев.
Оның сөзінше, азаматтар өздерінің активтерін заңдастыру үшін 3 бағыттың біреуін таңдайды.
«Бірінші бағыт бойынша, банк есептеріне оларды сақтау міндетінен босатыла отырып, қаржы аударады және одан төлемдер алынбайды. Бүгінгі таңда депозитте жатқан қаржыны басқада бір мақсаттарға жұмсау үшін ол кемінде 5 жыл банк есебінде тұруы қажет болатын. Егер қаржы иесі өзінің ақшасын банкте 5 жыл сақтағысы келмесе және ол қаржыны рұқсат етілген құралдарға пайдаланса, 10 пайыз алым төлейді. Бұл ретте қаржыны міндетті түрде банк есебіне аудару керек. Біз қаржысын банк есебіне аудармастан, заңдастырғылары келетін азаматтарға 10 пайаз алым төлеместен зңдастыру мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Үшінші бағыт заңдастырылған қаржыны ешқандай алымдарсыз «Астана» халықаралық қаржы қорына аударумен байланысты»,-деді ол.
Вице-министрдің сөзінше, заң аясында мүлікті заңдастыру жеңілдетілмекші.
«ҚР аймағында тұрған мүлікті заңдастыру жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссиялар тарапынан жүргізіледі, Қазақстан аймағында тұрған жылжымалы мүліктер де әкімдіктер арқылы заңдастырылады. Енді біз жаңа заң жобасында осы мүліктерді заңдастыруды Мемлекеттік кіріс комитеті арқылы жүзеге асыруды ұсынып отырмыз»,-деді А.Теңгебаев.
Сондай-ақ ол мүлікті заңдастыру шарасын 2016 жылдың 31 желтоқсанынан дейін ұзарту көзделіп отырғандығын атап өтті.
«Мүлікті заңдастыру шараларын оңайлату туралы тапсырмасы болған соң, бұл шараның мерзімін де ұлғайту қажет болды»,-деді министрдің орынбасары.
Анар Тәңірқұлова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы