- Басты
- Жаңалықтар
- Семей гарнизонында Мемлекет басшысының Жолдауының жүзеге асуымен танысты
Семей гарнизонында Мемлекет басшысының Жолдауының жүзеге асуымен танысты
17 қазан күні Топ жетекшісі ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласовпен бірге Үшарал, Аягөз, Өскемен, Семей қалаларында ақпараттық-насихаттау тобы гарнизон әскери қызметшілерінің тұрмыс –тіршілігімен, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты атты жолдауында айқындалған міндеттерді орындау барысымен танысты. Семей қаласының жергілікті атқарушы органдаымен байланыс жасап, жергілікті жерде жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелерін талқылады.
Топ жетекшісі ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов Семейдегі № 40 мектептің базасында орналасқан алғашқы әскери даярлық орталығында болып Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу мақсатында өткізіліп жатқан «Мен Патриотпын» атты әскерилендірілген кросстың ресми ашылу салтанатына қатысты. Семейлік оқушылар арасындағы жарысқа 31 мектептің оқушылары қатысып, әскери кросстан күш сынасты. Жарыс барысында оқушылардың алыс қашықтыққа жүгірудегі шыдамдылығы, пневматикалық мылтықтан атудағы мергендігі, граната лақтырудағы дәлдігі сынға түсті.
«Елбасымыз Сіздермен, жастармен тәрбие жұмысын жүргізуге ерекше мән береді, азаматтарымыздың жүрегінде отансүйгіштік отын жағу біздің басты міндетіміз», - Оқушы жастар алдында сөз сөйлеген полковник Мұхамеджан Таласов деп атап өтті.
Осы кездесуде Қарулы Күштеріміздің 21 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері мен алдымызға қойылған міндеттер сөз болды. Ардагерлер мен қала жұртшылығы Кешендік ақпараттық-насихаттау тобының жұмысына ризашылықтарын білдірді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты