Қазақстандықтар 292 млрд теңгенің мүлкін жекешелендірді – ҚР ҚМ

21 Шілде, 2015 15:49
Қазақстанда 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 292 млрд теңгенің мүлкі жекешелендірді, деді Қаржы министрлігінің вице-министрі Ардақ Теңгебаева ОКҚ брифингінде.

«Белгілі болғандай, жекешелендіру 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізілуде. Бүгінгі таңда 292 млрд теңгенің мүлкі жекешелендірілді, оның ішінде ҚР аймағында бар мүліктердің 30 901 нысаны мен 218,9 млрд теңгенің құнды қағазы жекешелендірді. ҚР шекарасынан тыс жерде 636,5 млн теңгенің 17 нысаны жекешелендірілді. 73 млрд теңгенің қаржысы жекешелендірді», - деді А.Теңгебаев.

Айта кетейік, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда  оралмандар мен ҚР-да тұруға құқығы бар азаматтарға байланысты заң өз күшіне енді.Аталмыш заңда жекешелендіре алатын құжаттардың тізімі көрсетілген. Оған: ақша, құнды қағаздар, заңды тұлғалардың капиталындағы үлесі және т.б. жатады.  Бірақ, аталғандардың барлығы жекешелендіруге жатпайды.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар