- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттары Ақтөбедегі әлеуметтік нысандарды бақылауда
Мәжіліс депутаттары Ақтөбедегі әлеуметтік нысандарды бақылауда
Онда халық қалаулысы Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен, облыстық мәслихат депутаттарымен, сондай-ақ мемлекеттік мекеме басшыларымен кездесті. Ә.Рақымжанов жиналғандарға Мәжілістің қызметі мен заң шығармашылығы туралы айтып берді.
Аймақта ол «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 320 орындық облыстық көпбағытты аурухананың жұмысымен танысты. Әлеуметтік нысандардың жұмыстарымен танысу шарасы «Достық» су спорты түрлері орталығы мен үшқабатты «Айлин» балабақшасында жалғасты. Балабақшаның жалпы көлемі 3 714,6 шаршы метр. Ең соңғы үлгімен салынған ғимараттың автономды тарнсформатор стансасы мен қазандығы бар. Бұдан соң депутат «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған «Ақтөбе Сити» шағын ауданында болып, мектеп пен балабақша құрылысының барысымен танысты.
Халық қалаулысы осы облыстың «Алға» ауданында да болып, 60 орындық Бесқопы орта мектебінің құрылысымен танысып, жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген үйлерде болды. Онда тұрғындармен де жүздесіп, бағдарламаның тиімді жақтары туралы әңгімілесті. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша «Алға» ауданында 4 екіқабатты үй салынған. Пәтерлер бюджет қызметкерлері мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға бөлініп берілді.
Ә.Рақымжанов Қандыағаш қаласының медициналық мекемелерімен де танысып, ондағы дәрігерлермен медициналық қызметтің сапасы жөнінде тілдесті. Сондай-ақ қаладағы өзге де бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары