• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Ахметов: Жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді оқу орындарынан бастау керек (ВИДЕО)

С.Ахметов: Жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді оқу орындарынан бастау керек (ВИДЕО)

21 Шілде, 2015 15:02
Елордада Астана қалалық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Онда 2015-2025 жылдарды қамтитын ҚР Жемқорлыққа қарсы стратегиясының аясында жемқорлыққа қарсы мәдениетті білім беру мекемелері мен жастардан бастау қажеттігі сөз болды.

Жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді оқу орындарынан бастау керек. Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті схбатында «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сапар Ахметов өзінің осындай пікірімен бөлісті.  

«2015-2025 жылдарға бағытталған ҚР Жемқорлыққа қарсы стратегиясының атының өзі құжаттың болашаққа бағытталғандығын меңзеп тұр. Осыған байланысты біздіңше, тап осы жемқорлыққа қарсы тәжірибе мен жастардың бойында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды мектеп қабырғасынан, колледждер мен жоғары оқу орындарынан бастауымыз керек. Өйткені, алдағы уақытта білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өнеркәсіп және өзге де салаларда жұмыс істейтін жастар, жұмысқа кіріскен кезде-ақ бұл стратегиямен таныс болуы керек. Олар халыққа жемқорлықпен күресте қажет болатын тәжірибені алып жүрулері керек, мұндай көрініске төзбеушілік олар қызметке кіріскен сәттен бастап, олардың бойларында болуылары қажет»,-деді С.Ахметов. 

Оның сөзінше, бүгінгі таңда қоғам мен құзырлы орган өкілдері жемқорлықтың салдарымен күресуде, сондықтан болашақта бұл әрекеттердің қалай жалғасын табатынын білу керек. 

«Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша бізге бір қадам алдыда жүру керек, сол себепті де бүгін біз жоғары оқу орындары мен колледждердің, білім беру және жастар саясаты, ішкі саясат басқармаларының өкілдерін шақырып отырмыз. Біз ортақ істе күш біріктіруіміз керек. Барлығымыз бірдей жұмыла отырып, Астана қаласында жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары үйлестірілген түрде, жүйелі жүргізілсе дейміз. Қазір біздің басты мақсатымыз құзырлы және мемлекеттік органдардың күштерін үйлестіру болып табылады, соңында біз ортақ істен тиісті нәтиже алуымыз керек, біз қоғам өкілдерінің бойларынан олардың жемқорлыққа төзбеушілік қасиеттерін  көруге тиістіміз»,-деді ол.  

Саясаткердің айтуынша, бүгінде жемқорлыққа төзбеушілік мәдениеті оқу орындарынан бастап қалыптасатындай жағдай жасаған жөн.

«Ол үшін біздің ұстаздар мен оқытушылар біздің талаптарымызға сай болулары керек, олар біздің талаптар бойынша білім берулері қажет. Сондай-ақ, олардың өздері үлгі болып, жастарға дұрыс тәрбие берулері керек, емтихандар мен есептер сатып алынбағаны керек, диплом алуға келетін оқушылар қандай да бір мекемеден тәжірибеден өткендігі немесе онда жұмысқа тұрғандығы жөнінде жалған анықтама алып келмегендері дұрыс. Мұндай әрекеттерге жол бере отырып, біз жастарға барлығын ақшамен бітіруге немесе барлығын сатып алуға болатындығы жөнінен белгі береміз. Ол үшін қаржы керек болса, қаржыны осындай жолмен табуға болатындығын үйретеміз. Біз тазалық пен ар-ұждан мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Бұл біздің жұмысымыздың басты мақсаты және біз осы бағытта әрекет етеміз»,-деді С.Ахметов. 

Анар Тәңірқұлова 

 

 

                                            

 

Барлық жаңалықтар