- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті (Фото)
ҚР Қорғаныс министрі «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті (Фото)
Қазақстандық армияның он екі үздік өкілін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов құттықтады.
«Батыр арулар» байқауы ер-азаматтармен тең дәрежеде иық тіресіп Отанға қызмет етуге арнаған әскери қызметші қыз-келіншектерді табуға және олардың қызметі туралы айтып беруге мүмкіндік берді. Олардың қызметі үлгі аларлықтай, ал жұмыс күндері әскери қызметпен біте қайнасқан. Әлемдік тарихта «жауынгер қыз» айрықша ұғым болып саналатын.
Алайда, ХХІ ғасырда әскери қызметші қыз-келіншек немесе сарбаз қыз деген кәсіптің болуы ешкімді таң қалдырмайды. Бұның бір жарқын көрінісі ретінде «Батыр арулар» байқауын айтуға болады», - деп атады министр. Қатысуға өтініш білдірген сәттен бастап салтанатты рәсімге дейін нәзік жанды аруларға ауыр болып саналатын сынақтардан қыз-келіншектер мүдірмей өтті.
Олар қарудан оқ атты, гранаталар лақтырды, барлық кедергілерді еңсерді, өзеннен жүзіп өтті, қуатты жауынгерлік машиналарды жүргізді.
«Бір кездері өз өмірін армиямен байланыстыруға бел буған арулар үшін бұл жұмыс қана емес, өмір сүру салты және үлгісі. Бұл байқау кәсіпке деген қабілетіміз бен сүйіспеншілігімізді көрсетуге керемет мүмкіндік болды. Сіздің қолыңыздан марапат алу – біз үшін үлкен құрмет және жауапкершілік», - деп байқау жеңімпаздарының бірі аға лейтенант Әлия Хайруллина атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, «Батыр арулар» ҚР ҚК әскери қызметші қыз-келіншектері арасындағы бірінші республикалық байқау. Аталған сайысқа қазақстандық армияның барлық өкілдері қатысуға мүмкіндік алды. Еліміздің түкпір-түкпірінен өтініш жолдаған 123 қатысушының суреттері мен жеке сауалнамалары ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына орналастырылды және бір жарым ай бойы интернет пайдаланушылардың дауысын жинады. Қырық күн бойы жүргізілген онлайн-дауыс беру нәтижесінде қатысушыларға өте көп 255 725 дауыс берілді.
Байқау қазақстандықтардың ғана емес, өзге де елдердің тұрғындары арасында қызығушылық туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістан елдерінің интернет пайдаланушылары белсене қатысты. Нәтижесінде бірнеше сынақтардан сүрінбей өтіп, өздерінің жауынгерлік әзірлігін, шыдамдылығы мен мықтылығын дәлелдеген 12 әскери қызметші жеңімпаз аталды. Олар Қазақстан Қарулы Күштерінің лайықты өкілдері болып табылатынын дәлелдеді. Байқау соңында аруларды кәсіби стилистердің қолынан әрлендіру және «Батыр арулар» байқауының әрбір жеңімпазы әр парақты көркейте түсетін мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессиядан өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері