• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жылына 1 рет мемқызметкерлер мемқызмет туралы жаңа заң аясында біліктілікті арттырады

Жылына 1 рет мемқызметкерлер мемқызмет туралы жаңа заң аясында біліктілікті арттырады

21 Шілде, 2015 13:07
Мемлекеттік қызмет туралы дайындалып жатқан заң аясында біліктілікті көтеру жұмыстары өткізіледі, деді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Әлия Мұхамеджанова ОКҚ брифингінде.

«Бүгінгі таңда білім беру парадигмасы болашақта өмірді өзгертетін деңгейге дейін түрленді біз өмір бойы білім алуға көштік. Мемқызмет туралы жаңа заңда жаңа қосымша қабылданады, мемқызметкерлерді оқытуды үзбеу негізі қолданылады», - деді А.Мұхамеджанова.

Мемлекеттік қызмет туралы заңның дайындалу барысында сарапшы қызметтегі жұмыстың білімі ескеріліп отыратындығын айтты.

А.Мұхамеджанова мемлекеттік қызметке тұңғыш рет түскендер А және Б тобы үшін қайта дайындалудан өтеді.

«Сондай- ақ, мемқызметкерлер  үш жылда бір рет біліктілікті арттырудан өтуі керек. Бүгінгі таңда  уақытты  меморгандар болсын, мемқызметкерлер болсын артық етіп отырған жоқ. Сондықтан біліктілікті арттыру қажет деп есептейміз», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар