• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мемлекеттік қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігін қажет етеді – сарапшы

Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мемлекеттік қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігін қажет етеді – сарапшы

21 Шілде, 2015 12:19
Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мемлекеттік қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігін қажет етеді, деді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Әлия Мұхамеджанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған 5 институционалды реформа өзінің белсенді кезеңіне өтті. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік органдар кәсіби, автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарды белсенді талқылауда. Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мемлекеттік қызметкерлердің бәсекеге қабілетті болуын, олардың кәсібилігі мен патриоттығын қажет етеді»,-деді Ә.Мұхамеджанова.   

Сарапшының сөзінше, аталған ұстанымдар негізінде академия өзінің бағдарламаларын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдыңғы қатарлы халықаралық орталықтармен бірігіп дайындаған тиісті көзқарасына қарай, базалық және теңдестірілген көзқарас негізінде толықтай өзгертті.  

«Оқу орнында аталған көзқарастар негізінде біз көшбасшылық, стратегиялық менеджмент, талант менеджмент, стресс-менеджмент, қоғаммен тиімді байланыс сияқты сабақтарды енгізіп отырмыз»,-деді Ә.Мұхамеджанова.    

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар