• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысы Иран мемлекетінің провинцияларымен сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуда

Маңғыстау облысы Иран мемлекетінің провинцияларымен сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуда

21 Шілде, 2015 12:51
Маңғыстау облысында ирандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламадан мәлім болғанындай, Иран мемлекетінің Мазандаран, Гүлстан, Тегеран, Табриз, Қорасан, Разауи және Мешхед сияқты қалаларындағы тауар өндіруші компания өкілдері 4 күн бойына мұнайгаз өнеркәсібі мен мұнайхимия зауыты, ғимараттардың құрылысы мен құрылыс материалдары, инженерлік-технологиялық материалдар мен қызметтер, автомобиль өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы машиналары мен құрылғылары, азық-түлік өнімдері мен жууға арналған өнімдер бағыты бойынша тауарларын қазақстандықтарға ұсынды. 

«Баршаға мәлім, Маңғыстау облысы мен Иран провицияларымен серіктестік қатынастарды дамыту шаралары 2009 жылы басталған, бүгін осы бағаттағы шаралар Иран өнімдерінің көрмесіне ұласты. Мұндағы мақсат екі аймақтың сауда-экономикалық ынтымақтастығын арттырып, бірлескен кәсіпорындар құруға ұмтылу. Осындай диалог алаңдары мен екі елдің іскер топтарының байланыстарының арқасында Каспий маңындағы көршілес елдермен ынтымақтастық арта түсетініне сенімдімін. Бұл бағыттағы жұмыстардың жемісі екі жаққа да тиімді болары сөзсіз»,-деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.   

Осы шара аясында тағы «Маңғыстау облысы мен Иран Ислам Республикасының провинцияларының инвестициялық мүмкіндіктері» атты екіжақты бизнес-форум өткізу жоспарланған, оның аясында екі тараптың кәсіпкерлік салаларының арасындағы ынтымақтастықты дамытуғаа бағытталған меморандумға қол қойылады деп күтілуде.  

 

Барлық жаңалықтар