ОҚО-да әрбір гектардың тиімді қолданылуын арттыру мәселесі талқыланды

21 Шілде, 2015 18:12
Суармалы жерлер ауқымын кеңейту, әр гектардың тиімді қолданылу мәселелері ОҚО-да талқыланды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірдің басты тапсырмаларының бірі су көздерін дұрыс қолдану болып табылады. Облыстың 43 каналын жөндеуге 4 млрд теңге бөлінді.

«Облыс аймағы бойынша Сырдария өзенінің 340 километрі ағып өтеді. Шардара  өзенінің жағалауында 1700 гектар  ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне жауа бере  алады. Түркістан мен Арыста бұл аймақтарды ақылға саралап қолдану қажет. Ол үшін арнайы сорғыларды орналастыру қажет. Аудан әкімдері бірлесіп  Сырдария жағасындағы ауыл шаруашылығының бірлескен жоспарын құратын болса, біз жобаларды қаржыландыруға дайынбыз», - деді өңір басшысы Асқар Мырзахметов.

Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту мәселесі талқыланды. Оңтүстікқазақстандықтар әзірлеп ұсынған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы ауылда жұмыспен қамтудың көзіне айналады. Өткен жылы аталмыш салаға 5,9 млрд теңге бөлініп, 2 166 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берді. Бір жыл ішінде 7 мың тонна ет пен 12 мың тонна сүт өндірілді.

«Бұл бағдарлама өткен жылдан бері жүзеге асуда. Бұл мүмкіндікке көптеген  отбасылар жүгінуде. Біз қолданып жатқан шаралар ауылда жұмыс орындарын ашуға септігін тигізіп жатыр», - деді облыс әкімі.

Барлық жаңалықтар