- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттары БҚО-да заң жобалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
Мәжіліс депутаттары БҚО-да заң жобалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
Депутаттар Елена Тарасенко, Шавхат Өтемісов, Самиғолла Оразов пен Виктор Киянский аралап көрген осындай нысандардың бірі «Жастық» сүт кешені болды. Бұл нан-сүт өнімдерін өндіретін комбинаттың бір бөлігі болып табылады және ол қазір жергілікті тұрғындар үшін қажетті тәтті нан, кондитерлік өнімдер, айран, сүт, кілегей, майлардың түрлерін өндіруде. Мұнда 30 адам жұмыспен қамтылған.
Орал нан-сүт кәсіпорнының бас директоры Хамзат Исаевтың айтуынша, кәсіпорының басты құндылығы оның өнімдерінің табиғилығында болып отыр. Кәсіпорын қандай да бір тұнбалар мен қоспаларды пайдаланбайды. Шикізат мұнда жақын ауылдардан әкелінеді, сүт жинау жұмысы жолға қойылған, тәулігіне кәсіпорын 2,5 тонна сүт өнімдерін шығарады. Депутаттар аталмыш кәсіпорын өкілдеріне шығындардың жартысына жуығына өтемақы беретін «Агробизнес-2020» бағдаралмасына қатысуға шақырды.
Депутаттар Орал трансформаторлық зауыты мен «Родник» ЖШС-да да болды. «Біздің міндетіміз билік пен бизнестің қалай әрекет етіп жатқандығын білу, оларға консультативті көмектер көрсетіліп жатыр ма, түсіндіру жұмыстары қалай жүргізілуде, халық шаруашылығын дамытуда маңызды болып табылатын мемлекеттік бағдарламалар жергілікті жерлерде қалай жүзеге асырылуда деген мәселелермен жан-жақты танысу»,-деді Мәжіліс депутаты Елена Тарасенко.
Айта кететін мәселе, депуттар облыста 10 күн болып, Мәжілісте есепті кезеңде қаралған заң жобалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде