- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да қазақстандықтардың азаматтық сәйкестігін қалыптастыру мәселелері талқыланды
ШҚО-да қазақстандықтардың азаматтық сәйкестігін қалыптастыру мәселелері талқыланды
Хабарламадан мәлдім болғанындай, аталмыш шараға Батыс Қазақстан облысының Азаматтық альянсы бастамашы болған. Талқылауға Қазақстан халқы Ассамблеясы ҮЕҰ, бизнес-құрылымдар мен облыстың қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері қатысқан.
Талқылау барысында «Мәңгілік ел» патриоттық актісін жүзеге асыруға, ҚХА-ның «Үлкен отбасы-үлкен мемлекет» жобасына, азаматтық сәйкестікті нығайтуға бағытталған «Менің елім» ұлттық жобасына, Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы идеясын жүзеге асыру жобасы мен «Нұрлы болашақ» жобасына қатысты мәселелер қаралды.
«Төртінші институционалды реформаны жүзеге асыру ісі толығымен Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктелген. Егер біздің еліміздің әрбір азаматы өзін елінің патриоты және азаматы сезінетін болса және олар өз елі мен Отанының тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына арта алатын болса, бұл азаматтық сәйкестік. Біз Қазақстанның әрбір азаматы «Мен қазақстандықпын» мен мақтанышпен айтуы үшін олардың елде еркін, ыңғайлы әрі қауіпсіз өмір сүруі үшін қолдан келгіннің барлығын жасауымыз керек»,-деді облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов.
Айта кетейік, бүгінгі таңда БҚО-да 600 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Кездесу барысында мемлекеттік тіл саясатына, биліктің азаматтық қоғаммен байланысы, Ассамблеяның үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстарына қатысты мәселелер де талқыланды.
«Тәуелсіздік жылдарында біз этникааралық мүдделердің тепе-теңдігін сақтауды үйрендік және ол азаматтық сәйкестікті нығайтудың діңгегі болып табылады. ҮЕҰ-дың рөлі бұл мәселеде өте жоғары, алайда, бұған тек үкіметтік емес ұйымдар ғана емес, Ассамблея өкілдері мен бүкіл мемлекет халқының түгел қатысуы маңызды»,-деді «БҚО Азаматтық Альянсының» атқарушы директоры Ғамал Түзелбаев.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері